Материалы за Февраль 2026 года » Страница 9 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесі
04
февраль
2026
«Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесі
«Балалар кітапханасы» республикалық жобасы аясында қазақ әдебиеті мен ғылымының көрнекті өкілі, жазушы, абайтанушы, ғалым, аудармашы, текстолог Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақтың қайсар Қайымы» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. Қайым Мұхамедханов — абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Ол Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын зерттеуде ерекше еңбек сіңіріп, ақын шығармаларының түпнұсқалық мәтіндерін қалпына келтіру бағытында ауқымды текстологиялық жұмыстар
7-8 сыныптар арасында волейбол жарысы өткізілді.
03
февраль
2026
7-8 сыныптар арасында волейбол жарысы өткізілді.
«Дені сау – ұрпақ, ұлт болашағы!» ұранымен 7-8 сыныптар арасында волейбол жарысы өткізілді. Аталған спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру және командалық рухты қалыптастыру. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен спорттық шеберлікті көрсете білді.   🏆Жарыс қорытындысы бойынша:  I-орын     7 «Ә» сыныбы II-орын  8 «Б» сыныбы III- орын    8 «Ә» сыныбы III- орын     7 «Б» сыныбы  Мұндай
“Жыр алыбы - Жамбыл” кинотайм өткізілді
03
февраль
2026
“Жыр алыбы - Жамбыл” кинотайм өткізілді
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Жамбыл Жабаевтың  туғанына  180 жыл толуына орай 7,10-сыныптардың қатысуымен “Жыр алыбы - Жамбыл” кинотайм өткізілді. Оқушылар бұл шарада Жамбыл туралы фильм көріп, соңынан фильмді талдады. Өз білімдеріне қор жинап қайтты. ​https://www.instagram.com/reel/DUS8kyTDKwQ/?igsh=MWw3OTdiYzJseG50aA==​​​
Кәсіби бағдар беру
03
февраль
2026
Кәсіби бағдар беру
Бүгін гимназиямыздың түлегі, қазіргі таңда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының студенті Қуанышбекұлы Қуат біздің гимназияға кәсіби бағдар беру үшін арнайы келді. Оқушыларымызбен ашық әңгіме жүргізіп, әскери институттың мүмкіндіктері мен оқуы туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Қуаттың өзі алған тәжірибесі, армандары мен мақсаттары туралы айтқан сөздері жастарда үлкен мотивация туындатты.Кездесу барысында Семей қаласы және Жаңасемей ауданының қорғаныс істері
«Смарт бала: цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
03
февраль
2026
«Смарт бала: цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие
Гимназиямызда «Смарт бала: цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану және цифрлық мәдениет туралы маңызды мәліметтер алды. Тәрбие сағаттарының басты мақсаты — оқушыларды саналы, жауапты әрі қауіпсіз цифрлық ортада өмір сүруге баулу. Болашақ — цифрлық, ал қауіпсіз қадам — бүгіннен басталады!
Мамандық  күні
02
февраль
2026
Мамандық күні
“Role Play Day” – сәтті өтті! 2026 жылғы 29 қаңтар күні гимназиямызда 10–11 сынып оқушыларына арналған “Role Play Day” кәсіби бағдар беру іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өздері таңдаған мамандықтарға сай киініп, сол салаға тән атрибуттарды ұсынып, болашақ мамандықтарына бір қадам жақындай түсті. Бұл күн оқушыларға түрлі кәсіп иелерінің рөлін сезініп, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін тереңірек тануға мүмкіндік берді. 🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты: –