«Шәкәрім дарындары - 2026» атты үздік оқушылар шеруі өтті » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шәкәрім дарындары - 2026» атты үздік оқушылар шеруі өтті
19
май
2026

«Шәкәрім дарындары - 2026» атты үздік оқушылар шеруі өтті

Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында 2025-2026 оқу жылын қорытындылайтын дәстүрлі «Шәкәрім дарындары - 2026» атты үздік оқушылар шеруі өтті.
Бұл шара  биылғы оқу жылында білім, ғылым, өнер және спорт салаларында ерекше жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау мен құрметтеуге  арналды.
Үздіктер шеруіне Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Жанжігіт Омархан, Абай облысы Білім басқармасы «Дарын» орталығының директоры Ниязбекова Жадыра, қамқоршылық кеңес мүшелері, ардагер ұстаздар және ата-аналар арнайы қонақ ретінде шақырылды. Шеруде ағымдағы оқу жылында Республикалық және халықаралық деңгейлерде жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар арнайы «Шәкәрімнің табысты ұстазы» атты сертификат, ал шәкірттерге арнайы «Шәкәрім дарындары» шәкіртақы табыс етілді.
«Шәкәрім дарындары» шеруі – дарынды, өнерлі балаларды қолдау, олардың жетістіктерін насихаттау және жас ұрпақты үлгілі еңбек пен білімге ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізілетін маңызды шара.​https://www.instagram.com/reel/DYh8HO_g13e/?igsh=bGIxeXF2aHhuc2U3​​​