20
декабрь
2024
Әскери патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады.
Әскери патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Отанға , туған жерге деген құрмет ең алдымен әр адамның туып –өскен ортасы, отбасы, білім алған мектебінен бастау алады. Гимназияда бірнеше жылдан бері патриоттық тәрбие бағытындағы «Жас сарбаз» сыныбы жұмыс жасап келеді. Жуырда гимназия Қазақстан Республикалық Қорғаныс күштері Ұлттық әскери патриоттық орталығының Семей қаласы филиалымен меморандумға отырды.
Меморандумның мақсаты- жастарға патриоттық тәрбие беру,бірллескен жобаларды жүзеге асыру, рухани –адамгершілік құндылықтарды насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу жолында күш-жігерді біріктіру.
Кездесуге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық Әскери Патриоттық орталығының бастығы Асенов Арман Тұрсынбайұлы қатысты.
Кездесу қорытындысы әскери-патриоттық орталықтың концертіне ұласты.