15
сентябрь
2022
2022-2023 оқу жылының 15 қыркүйегінде кафедра жетекшілерінің әдістемелік кеңесі өткізілді.


2022-2023 оқу жылының 15 қыркүйегінде Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия шаңырағында директордың ғылыми- әдістемелік істер бойынша орынбасары Н.К.Муканованың жетекшілігімен кафедра жетекшілерінің әдістемелік кеңесі өткізілді. Әдістемелік кеңес жаңашыл форматта, гимназияның релаксация кабинетінде өткенінің өзі әр педагогке ізгі сезім сыйлады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне жағдай туғыза отырып, жан-жақты дамыған өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу мен сапалы білім беруде озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануда бағыт –бағыт беруде әдіс бірлестіктерінің жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы маңызды.Педагог-психолог А.Б. Жагипарова мұғалімдерге жағымды атмосфера қалыптастыру үшін «Эмоционалды кәсіби қажуы» тақырыбында тренинг жаттығуларын жүргізді. Тренинг барысында:
Амандасу. Жағымды атмосфера құру. «Өзіңді жақсы көру». «Эмоционалды кәсіби қажу» тақырыбында жедел сауалнама.«Еңбекқорлар және пофигисттер» жаттығуы. Еңбекқорлар – әр ісіне баға бере алатындар. Яғни, әр ісін аяғына дейін жеткізе білетін тұлға.
Пофигисттер – немқұрайлы қарайтын тұлғалар. Жауапсыздық.
1 сұрақ. Еңбектің бағаланбауы. «Күнделік кз» журнал толтыру. Қаншалықты дұрыс немесе бұрыс.«Түйме» жаттығуы. Мақсаты: эмоция жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Қатысушылардың эмоцияларын және өзіндік бағалауын байқау мақсатында өткізіледі.Медитация «Өзіңді жақсы көру» адам өзін-өзі жақсы көруі үшін нестеуі керек деген сұраққа жауап беру.Аффирмация. Күнделікті өмірде өзін жақсы көруі үшін көптеген аффермациялар айтып, оқып жұмыс жасау мақсатында берілді.Кері байланыс, қатысушылардың пікірі.
Күн тәртібіндегі мәселелер туралы ашық диалог барысында пікір алысу арқылы оқу жылындағы міндеттер талқыланды. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары туралы Н. Мұқанова өз ұсынысымен бөлісті. Оқу жылының басында өткен дәстүрден тыс әдістемелік кеңес отырысынан ұстаздар жаңа идея, мотивация алды.