
2024 жылы мектебімізге 100 жыл толуына орай қазан айының 1 жұлдызында мектеп ұжымы «Ұлылар мекеніне саяхат» атты сапарымен Жидебайға барып қайтты. Саяхат барысында ұлы Абай жайында тың мағлұматтарға қанық болып, Шыңғыстау өңіріндегі толып жатқан қазақтың киесі мен киелі өңірлері туралы кең мәлімет алып, олардың әруағына құран бағышталды, Жидебайдағы Абайдың мемориалдық мұражай-үйіне, М.Әуезовтің мұражай-үйіне, Еңлік-Кебек мазарына барып, Жидебайдайдың сайын даласында талай тарихтың ізі сайрап жатқаны сезіліп, рухани саяхаттан Абай елі қазақтың ұлттық киесінің сақталған мекенін өз көздерімен көріп қайтты.