19
октябрь
2022
«Тарих тереңінен-болашақ биігіне!» атты тарих апталығы аясында Мектеп парламентінің спорт және мәдениет бөлімінің атынан "Тарих қойнауында" атты танымдық іс-шара өтті.

19. 10. 2022 жылы «Тарих тереңінен-болашақ биігіне!» атты тарих апталығы аясында Мектеп парламентінің спорт және мәдениет бөлімінің атынан "Тарих қойнауында" атты танымдық іс-шара өтті.
Іс шараның мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлар бойғы күресінің нәтижесін қысқаша көрініс және монолог оқу арқылы жеткізу.
Қазақ хандары мен ақсүйектерінің өткізген құрылтайынан қысқаша эпизод көрсете отырып, жас ұрпақтың бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін оятты. Түрлі хронологиялық кезеңдегі қазақтың басынан өткен ауыр тарихты өлең жолдарымен оқу арқылы да оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелей алды.
«Ең алдымен тәуелсіздікке қол жеткізу жолында жанын берген, қанын берген ата-баба аманатын біздер қастерлеуге міндеттіміз»-деп сөздерін қорытындылады. Танымдық іс-шара өте мазмұнды сабақ болды.
Пән мұғалімі: Жумабекова Г.Б.
Мәдениет фракциясы басшысы: Самархан Олжас