«Тарих пен әдебиет – мәдениеттің тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті мен тарих пәндерінің әдістемелік бірлестігі апталығы. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тарих пен әдебиет – мәдениеттің тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті мен тарих пәндерінің әдістемелік бірлестігі апталығы.
13
апрель
2022

«Тарих пен әдебиет – мәдениеттің тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті мен тарих пәндерінің әдістемелік бірлестігі апталығы.

«Тарих пен әдебиет – мәдениеттің тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті мен тарих пәндерінің 

әдістемелік бірлестігі апталығы.


Бүгін Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияда «Тарих пен әдебиет – мәдениеттің тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті мен тарих пәндерінің әдістемелік бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті.

Апталықтың мақсаты: Гимназия оқушыларын қоғамдық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ана тілін қадірлеуге дәріптеу, қазақ халқының  тарихын, мәдениетін құрметтеуге шақыру. Апталықтың ашылу салтанаты лездемесінде гимназия директоры Алма Медетқызы оқушыларды, пән мұғалімдерін құттықтап, өскелең жас ұрпаққа туған тілін, ұлттық құндылықтарымызды, еліміздің тарихын таныту жолында аянбай еңбек ету -әр азаматттың парызы екенін атап өтті. Апталыққа арналған лездемеде   гимназия шәкірттері Н. Тілендиевтің «Әлқисса», Қ. Сағырбайұлының «Адай» күйлерінен   күй шертіп, қазақтың батырларынан көрініс көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің  образын сомдап, ұлылардың даналық сөздерін мәнерлеп оқумен қатар, Алашорда көсемдерінің ұлағатты ойлары оқушылар назарына ұсынылды. Апталықтың лездемесі қаламыздағы өлкетену мұражайларының  «Алаш арыстары» атты жылжымалы көрме арқылы оқушыларға танымдық сабақпен жалғасын тапты. Бірлестіктің ұстаздары мен  оқушыларымызға сәттілік тілейміз!