Мәншүк Мәметованың және Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Жас қыран» атты робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу және Arduino бағыттары бойынша облыстық байқау нәтижесі. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәншүк Мәметованың және Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Жас қыран» атты робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу және Arduino бағыттары бойынша облыстық байқау нәтижесі.
02
январь
2023

Мәншүк Мәметованың және Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Жас қыран» атты робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу және Arduino бағыттары бойынша облыстық байқау нәтижесі.


Абай облысының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 28 қараша - 20 желтоқсан аралығында жалпы білім беру мекемелеріндегі 5-11 сынып оқушылары арасында Мәншүк Мәметованың және Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Жас қыран» атты робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу және Arduino бағыттары бойынша облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушыларды Мәншүк Мәметованың және Талғат Бигелдиновтың өмірлерімен және ерліктерімен таныстыру, Абай облысының жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезімдер мен ер-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру. Әскери-робототехика, 3D үлгілеу, Arduino бағыттарына бойынша қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Байқауға жалпы 92 жобамен қатысушылар қатысуға өтінім берді. Тәуелсіз сарапшылар тобы байқау жұмыстарын бағалап, әр номинация бойынша 1, 2, 3 орын иегерлері анықталды.
Гимназиямыздың оқушылары 14 + жас ерекшелігі бойынша 3-орын:
1. Абай облысы, Семей қаласы «Шәкәрім атындағы №5 гимназиясы» 10 сынып оқушысы
Даулетов Думан Даулетович, Қанатбеков Алихан Нүрбекұлы
2. Абай облысы, Семей қаласы «Шәкәрім атындағы №5 гимназиясы»–ның 11 сынып оқушысы Болатова Аружан, Нұрбек Нұрәділ иегерлері атанды.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және дайындаған жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз! Сонымен қатар, үздік жобалар «Digital Abai» steam фестивалінің облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алады.