«Білім берудегі заманауи трендтер: нәтижеге бағытталған сапалы білім» тақырыбында педагогикалық кеңесі ұйымдастырылды. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім берудегі заманауи трендтер: нәтижеге бағытталған сапалы білім» тақырыбында педагогикалық кеңесі ұйымдастырылды.
14
январь
2023

«Білім берудегі заманауи трендтер: нәтижеге бағытталған сапалы білім» тақырыбында педагогикалық кеңесі ұйымдастырылды.


2023 жылдың 14 қаңтар күні білім ордамызда «Білім берудегі заманауи трендтер: нәтижеге бағытталған сапалы білім» тақырыбында педагогикалық кеңесі ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі ауқымды тақырып - «Командалық оқыту» жобасы болды.

Педкеңесті Тастекеева Г.С, Баяхметова Ш.С «Білім берудегі заманауи трендтер» тақырыбында ұжым мүшелерін командаларға бөле отырып, яғни өзгеше формада бастап берді.

Ең алдымен, осы «Командалық оқыту» жобасы бойынша білімдерін жетілдіріп келген ұстаздарымыз Нұргүл Құлжағазықызы мен Мөлдір Жәнібекқызы мектебімізде жоба аясында жүргізілген іс-шаралар жайында айтып өтті. Мектебімізде аталмыш жоба бойынша алғашқы болып құрылған команданың пән мұғалімдері 7-сыныптарды зерттеу нысаны ретінде алған болатын, сол атқарылған жұмыстар бойынша бірнеше пән мұғалімдері педкеңесте іс- тәжірибелерін ортаға салды.

Келесі ретте мектебіміздің психологі Рахимбердинов Т.Б. «Гимназия оқушыларын оқытудағы нейропсихологиялық тәсілдер» тақырыбында баяндама оқып, ұстаздармен бірге түрлі сергіту шараларын жасады.

«Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі» тақырыбында Қасықбаева Д. М. құнды деректерімен бөлісті. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Токсеитова С. М. ІІ оқу тоқсанының қорытындысымен таныстырды. Ал Мұқанова Н. Қ. 2022-2023 оқу жылында педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) туралы, педагогтерді аттестаттаудағы кейінгі өзгерістер туралы ақпараттармен бөлісті. Педагогикалық кеңестің соңында 2022-2023 оқу жылының 1-жарты жылдық бойынша мектеп педагогтерінің рейтингісі (Мұқанова Н.), ІІ тоқсан бойынша сыныптардың қорытындысы (Наурызова Г.) және кітапхана жұмысының рейтинг қорытындысы (Сакаева Д.) жарияланды.

Мектебіміздің басшысы Алма Медетқызы педкеңесті қорытындылай отырып, 1-жарты жылдық бойынша нәтижелі жұмыс атқарған барлық ұстаздарымызды құттықтап, алда әлі талай істерді бірлесіп атқаруға шақырды.