01
март
2023
6 "Б" сыныбы оқушыларының қатысуымен Ауған соғысының ардагері Манасов Айдар Тортайұлымен кездесу өтті.
Сұхбат барысында оқушылар қонағымызға балалық шақтан естеліктер, туған жер, өскен орта, әскердегі өмірі туралы сұрақтар қойды.
Жастық шағының жартысын оқ пен оттың арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан жауынгеріміз бейбіт күнде өмір сүріп жатқан қазіргі заман жастарына ақыл-өсиетін жеткізді.
Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс күнімен пара-пар келген кездесуде ардагерімізге алғыс тілектер айтылды.
Бейбіт өмірді сақтауда ерлік көрсеткендеріңіз үшін сіздерге зор алғыс білдіреміз. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып, әрдайым аман жүріңіздер, жауынгер ағалар!
Ұйымдастырушы: сынып тәлімгері Тусупов С.А.
Сынып жетекшісі: Балуанғалиева А.А.