Білім сапасы- кемел келешектің кілті. Сапалы білімнің басты кілті- кадрлардың сапалық құрамы. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім сапасы- кемел келешектің кілті. Сапалы білімнің басты кілті- кадрлардың сапалық құрамы.
15
март
2024

Білім сапасы- кемел келешектің кілті. Сапалы білімнің басты кілті- кадрлардың сапалық құрамы.

Білім сапасы- кемел келешектің кілті. Сапалы білімнің басты кілті- кадрлардың сапалық құрамы. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Сагындыкова Молдир Жаныбековна ұжымды педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарындағы өзгерістермен таныстырды. Мұғалімдер аттестаттаудан өтудің жаңа форматы туралы барлық сұрақтарына жауаптарын алды. Өтпелі кезеңдегі аттестаттау шарттары мен тәртібі, яғни "Ұстаз" платформасы жұмыс істей бастағанға дейін және платформаның жұмыс істей бастағаннан бергі шарттары мен тәртібіндегі өзгешеліктер жайлы айтылды. Сондай- ақ 
🔸ПББ тапсыру ББ бекіткен кестеге сәйкес тестілеу орталығы пункттерінде тапсырылатындығы; 🔸материалдарды жинауға білім беру ұйымының әкімшілігі портфолио материалдарын қалыптастыруға жәрдемдесетіндігі;
🔸сарапшылық комиссияның қарауы өтініш берілген кезден бастап 1 ай ішінде жүргізілетіндігі; 🔸аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы кезекті аттестаттаудан өтіп жатқан педагогтер үшін 2024 жылғы 30 тамызға дейін,ескі форматтан қолданыстағы форматқа ауысып жатқан педагогтер (І,ІІ, жоғары санат) үшін 2024 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін екендігі жайлы айтылды.