04
май
2024
Гимназиямызда Абай облысының "Үздік педагог" атағының иегерлерімен ҚР Оқу ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевпен онлайн жүздесуі өтті


Шәкәрім атындағы № 5 көпбейінді гимназиясында Абай облысының "Үздік педагог" атағының иегерлерімен ҚР Оқу ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевпен онлайн жүздесуі өтті.Республика бойынша 600 ден аса үздік педагогтер болса, оның 255 -і педагог-шебер, 197-педагог-зерттеуші, 47-педагог -сарапшы бар. 51үздік педагог" Ы.Алтынсарин төсбелгісінің " иегері болса,58 ұстаз "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" атағының иегері. Жүздесу барысына өңірлер бойынша педагогтер іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқу ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев үздік педагогтердің қоғамға үлесі, әдістемелік жұмыстарға тартылуы және ұздік педагогтерді мемлекет тарапынан қолдау мәселесі туралы айтып өтті. Гимназия директоры Нұргүл Құлжағазықызы Мұқанова өз сөзінде «Алты Алаштың баласы қосылса, төр – мұғалімдікі»- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай қоғам үшін де , адамзат үшін игілікті мамандық иелері педагогтердің мәртебесін көтеруде мемлекет тарапынан болып жатқан қолдауларға Абай облысының ұстаздар қауымы атынан ризашылықтарын білдірді.Кездесуге үздік ұстаздармен бірге Абай облыстық білім басқармасы" Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы"КММ директорының орынбасары Г.М. Ахметова, педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бөлімінің басшысы Н.Б.Бейсембаева қатысты.