Мектеппен балабақша арасындағы сабақтастық



2024жылдың 6-мамыры күні №3 білім беру округі бойынша Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп психологы және директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Н.С.Хасенова КМҚК №8 «Балбөбек» бөбекжайымен бірлескен іс-шара «Баспалдақтан баспалдаққа» кейс-жобасы бойынша дөңгелек стол өткізді. Бұл жобаның мақсаты: мектеп пен балабақшаның арасында тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі, сатылы дамыту, мектепке психологиялық тұрғыдан дайындау, мектепке келгелі отырған тәрбиеленушілердің «жеке даму картасымен» танысу, ата-аналарға психологиялық көмек көрсету болды. «Балбөбек» бөбекжайына келесі оқу жылында 1-сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері, психолгтармен бірге барып, биыл мектебімізге келетін ересектер тобының тәрбиеленушілерінің «жеке даму картасымен» танысып, тәрбиешілермен бірге пікірлесіп, дөңгелек стол өтті. Онда баланың жеке басының ерекшеліктерімен, әлеуметтік эмоционалды дағдылармен, коммуникативтік, танымдық және зияткерлік т.б.дағдыларымен, балалардың даму деңгейімен танысты. Осы ерекшеліктерін мектеп мұғалімдері бала мектепке келгенде басшылыққа алатын болады.