25
май
2024
«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өткен салтанатты іс-шарада Халықаралық чемпионаттарында жеңіске жеткен оқушылар марапатталды



«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атындағы көпбейінді N5 гимназиясының соңғы қоңырау салтанатында Индонезия және Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында робототехникадан өткен Халықаралық чемпионаттарында жеңіске жеткен оқушылардың кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында Қазақстан Республикасының "Caravan of knowledge" корпоративтік қорының директорымен ұсынылған 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Айта кетсек, Қазақстандағы STEAM білім беру бағытын дамытуда Caravan of knowledge корпоративтік қорымен және Абай облысы білім басқармасының "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ серіктестігі аясында педагогтерге арналған "Steam білім беру бағытын дамыту маңыздылығы " тақырыбында конференциялар, педагогтердің құзіреттіліктерін арттыру мақсатында курстар және байқаулар өткізілуде.
Команданың әр жетістігі мен жеңісіне қолдау көрсетіп жүрген Абай облысы білім басқармасының "Инновациялық әдістемелік орталығы" КММ инновациялық жобаларды енгізу бөлімінің басшысы Нургалиева Гаухар Есенқызына шексіз алғыс білдіреміз.
#caravanofknowledge
#chevronkazakhstan
@abai_imc