Абай облысының информатика, робототехника пәні педагогтеріне арналған «Педагогтердің IT-құзыреттерін дамыту және жетілдіру» тақырыбындағы І съездің практикалық бөлімі өтті » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай облысының информатика, робототехника пәні педагогтеріне арналған «Педагогтердің IT-құзыреттерін дамыту және жетілдіру» тақырыбындағы І съездің практикалық бөлімі өтті
06
октябрь
2023

Абай облысының информатика, робототехника пәні педагогтеріне арналған «Педагогтердің IT-құзыреттерін дамыту және жетілдіру» тақырыбындағы І съездің практикалық бөлімі өтті

Мектебімізде 6 қазан күні Абай облысының информатика, робототехника пәні педагогтеріне арналған «Педагогтердің IT-құзыреттерін дамыту және жетілдіру» тақырыбындағы І съездің практикалық бөлімі өтті. Іс-шара барысында STEM кабинетінің ашылу салтанаты жасалынды. Кабинеттің алғашқы лентасын Caravan of knowledge корпоративтік қорының STEАM лабораториясының меңгерушісі Маргулан Канжебекович пен Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Біржан Заманбекович қиды. Жоспар бойынша мектебіміздің химия, билология, физика, информатика, робототехника, технология пән мұғалімдері, Ақсуат, Аягөз аудандарынан келген физика және информатика пән мұғалімдері және Caravan of knowledge корпоративтік қорының STEАM лабораториясының меңгерушісі Маргулан Канжебекович шебер сағаттар көрсетіп тәжіибелерімен бөлісті. Келген қонақтар ІТ Land шеберханасындағы оқушылардың жұмысымен танысып, оқушылардың жұмысына өте жақсы деген баға берді. Практикалық бөлім соңында «Steam білім беру бағыты» бойынша резолюция қабылдап, ұсыныстарды инновациялық-әдістемелік орталығымен қарастыруға ұсынылды. Барлық қатысушыларға Алғыс хат пен сертификаттар табысталып, кері байланыс жасалды. Практикалық бөлімнің модераторлары Конысбек Дарын Талгатулы, Абай облысы білім басқармасының "Инновациялық әдістемелік орталығы" КММ оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі бөлімінің математика және физика пәндерінің әдіскері және екінші модератор директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Баяхметова Шынар Султановна болды.