ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2024

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары









ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары 
  • - Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз? 
  • - Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек. 
  • - Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады. 
Күн тәртібі: 
  • * күнді үш бөлікке бөл; 
  • * Тестке күніне 8-сағат дайындық; 
  • * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат; 
  • * 8-сағаттан кем ұйықтама; 
  • * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек. 
Тамақтану:
       Күніне  3-4 рет витаминге толы тағамдармен  тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады. 
«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
 Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
 
 1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
 2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
 3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
 4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
 5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
 6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
 7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
 
 8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
 9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
 10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
 11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.
 12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
 
 Көзіңіз шаршаса не істейсіз? 
      Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жасау қажет. 
      Кез-келген екі жаттығуды орында: 
-   кезегімен жоғары-төмен (25 сек), оңға-олға (15 сек) қара; 
-   көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз; 
-ұзақтығы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңдағы қағазға 20   секунд көзіңді тік; 
-   сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат, үшбұрышты сал. 
Күн тәртібі 
Бұл күнді үш бөлікке бөл: 
-   емтиханға дайындық күніне 8 сағат 
-   спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға 8 сағ; 
-   8 сағаттан кем ұйықтама және қажет болса, түсте демалып ал. 
Тамақтану 
               Тамақтану 3-4 реттен және витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Тағы да бір кеңес: емтихан алдында тамақтанбау керек. 
Сабаққа арналған орын 
               Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр. Үстел үстіне сары және күлгін түстен суреттер мен заттар қой, өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады. 
  
Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек 
       Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңді барлығын қысқаша жаз, сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер. Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық. 
Ойды қалай дамытамыз? 
1.      Ақылды болғың келсе парасаттылықпен сұрақ қоюға, мұқият тыңдауға, ештеңе айту қалмаса үндемеуге, салмақты жауап беруге үйрен. 
2.      Білімді ойлаусыз игеру мүмкін емес, білімсіз ойлау да мүмкін емес. 
3.      Ойлауды дамыту – бұл өз ақылыңды байыту. Білім қайнары әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар, адамдар туралы хабарлар береді. 
4.      Ойлау сұрақтардан басталады. Барлық ашылулар «Неге?» және «Қалай?» сұрақтар арқылы жасалынған. Сұрақ қоюға? Оған жауап табуға үйрен. 
5.      Ойлау – дайын стандартты шешімдер керекті нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде белсене түседі. Сондықтанда ойлауды дамыту үшін зат немесе құбылысты жан-жақты көре білу әдеттегіден жаңаны байқай білу іскерліктерін қалыптастыру. 
6.      Затта немесе құбылыста түрлі белгілерді байқау, ойлау қасиетіне қажет заттар немесе құбылыстарды өзара салыстыру қабілетін игеру. 
7.      Адам объектінің белгілерін неғұрлым көп байқаса, оның ойлауы соғұрлым жетілген. Бұл іскерлікті зеріктікке, аңғарымпаздыққа арналған ойындарда, логикалық есептер мен басқатырмаларды шешкенде жаттықтыруға болады. 
8.      Ойлау мен сөлеу бөлінбейді. Ой дамуының міндетті түрдегі шарты – оқығанын еркін жеткізу, пікір-сайыстарға қатысу, жазба сөйлеуін белсенді қолдану, өзің аяғына дейін түсінбейтініңді басқаға айтып беру. 
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары 
 
1.      Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек. 
2.      Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары. 
3.      Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн. 
4.      Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек. 
5.      Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн. 
6.      Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.