30
январь
2025
7"Б" сыныбында "Ойын элементтері арқылы оқыту трендінің жалпы білім сапасына әсері”командалық жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында информатика пәнінен «Тармақталу алгоритмін программалау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Оқушылар 3 сурет 1 мағына ойыны арқылы жаңа тақырыпты ашып, өзара талқылады. Оқулықпен жұмыс жасай отырып, Python программалау ортасында есептерді шығарды. Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң және тәртіп” құндылығы программа кодын жазу барысында, алгоритмді орындауда реттіліктің маңыздылығымен байланыстырылды.
“EduPro7 командасының жобалық жұмыс тренді ретінде таңдалған ойын элементтеріне сай логикалық тапсырмалар орындалды. Сабақты қорытындылауда оқушылар программа құрыдың алгоритмін learning apps платформасында орындады. Оқушылар БББ әдісі бойынша кері байланыс жүргізді.
