Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” атты тәрбиелік іс-шара өтті. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” атты тәрбиелік іс-шара өтті.
31
январь
2025

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” атты тәрбиелік іс-шара өтті.

31 қаңтар күні мектебімізде “Сынып жетекшілері апталығы” аясында 9 “А” сынып оқушылары және жетекшілері Динар Бектұрқызының ұйымдастыруымен “ Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” атты тәрбиелік іс-шара өтті. Шараның басты қонағы — Пәкістан елінен Қазақстанға , ұлы Абай жеріне келіп, Шәкәрім университетінің қазақ филологиясы факультетінде оқып жатқан 3-курс студенті Шахид Усама Мухаммад. Ол бірнеше тілді жетік меңгерген полиглот. Шетелдік азамат Усама қазақ тілінде еркін сөйлеп баршамызды таңғалдырды.Оқушыларымыздың дайындаған тапсырмаларына мүдірмей жауап беріп, ұлттық құндылықтарымызды да жетік меңгергенін көрсетті. Мектебіміздің директоры Нұргүл Құлжағазықызы да ана тілімізде еркін сөйлеп, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп жүрген азаматқа дән риза болып, “Алғыс хатын” табыстады.
🔸Шара барысында мектебіміздің домбырашылары қонағымызды күймен қарсы алып, тарих пәнінің мұғалімі Мөлдір Тұрдыханқызы ән тарту етті. Орта буын оқушылары тіл туралы өлеңдерін арнады.Іс-шарадан тыс уақытта мектебіміздің оқушылары Усамамен ағылшын тілінде өзара сұхбаттасып, еркін сөйлесті.
🔸Әр сұхбатын ұлыларымыздың ұлағатты сөздерімен түйіндеп, қазақтың тілі мен мәдениетін бағалап жүрген азамат құрметке лайықты!
🔸Өз ана тілінде сөйлей алмай жүрген қазақтарымызға түрткі болар тұлға. Келешекте қазақ еліне қызмет етуге ниетті азаматты мектеп ұжымы құрметпен шығарып салды