Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы «Ерлікке тағзым – ардагерлерге хат» атты патриоттық акция ұйымдастырды » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы «Ерлікке тағзым – ардагерлерге хат» атты патриоттық акция ұйымдастырды
05
февраль
2025

Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы «Ерлікке тағзым – ардагерлерге хат» атты патриоттық акция ұйымдастырды

🎗️Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы «Ерлікке тағзым – ардагерлерге хат» атты патриоттық акция ұйымдастырды. Оның аясында мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Абдығали Қаймолдинге алғыс хаттарын жазып, оның ерлігі мен бейбіт өмір үшін жасаған еңбегіне алғыстарын білдірді.

Қаланың жастары ардагермен кездесіп, оған хаттар мен жеміс себетін табыстады. Кездесу барысында олар майдандағы және соғыстан кейінгі жылдар туралы естеліктерін тыңдап, ардагердің өмір жолы жайлы білді.

Абдығали Қаймолдин 1921 жылы Абралы ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы мектепті жаңа тәмамдаған жас жігіт өз қатарластары секілді майданға аттанды. Семейде құрылған 105-ші дивизия құрамында әскери дайындықтан өтіп, шайқастарға қатысты. Ол әуелі көздеуші, кейін қару командирі болып, танкке қарсы артиллерия құрамында жаумен күресті.

Соғыстан кейін Абдығали Қаймолдин елдің дамуына өз үлесін қосып, түрлі жауапты қызметтер атқарды. Зейнетке шыққанға дейін Жанасемей ауданының «Түрксіб» кеңшарында партком хатшысы болып жұмыс істеді.

⭐️Бүгінде ол – ерлік пен адалдықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Осындай кездесулер жас ұрпаққа тарихты жақыннан сезініп, өткенге құрметпен қарауға үйретеді. Өткенді ұмытпау – болашаққа деген жауапкершілікті сезіну деген сөз.