06
февраль
2025
Жерлесіміз Айгүл Кемелбаеваның “Шашты” әңгімесі.
Жерлесіміз Айгүл Кемелбаеваның “Шашты” әңгімесін 10 «Б» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Касыкбаева Динара Махмудхановна және мектеп кітапханашыларының қатысуымен пікірталас өтті.
Қазақ әдебиетінде оқырманды халықтың басындағы қиыншылықтарды қатыстыра отырып, жүйелі ой қалыптастыруға итермелейтін шығармалар аз емес. Осындай шығармалардың бірі, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын шығарма – “Шашты” әңгімесі. Әңгімеде дана қарт Тасқұл мен бала Кенжебек бейнесі көрініс табады.
Әңгімеде ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі секілді мәселелер талқыланады.
Жазушы шағын әңгіме арқылы жауынгер қазақ халқы рухының мықтылығына назар аударған. Оған дәлелдер:тұтқындағы жылқышының өр мінезі. Жас бала Кенжебектің айшылық алыс жерден жалғыз қашып келуі.