12
февраль
2025
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, лингвистика магистрі А.М. Кунанбаева «Эссе жаза білеміз бе?» атты әдістемелік қолдау сағатын өткізді.
12 ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, лингвистика магистрі А.М. Кунанбаева 2025 жылы аттестациядан өтетін және қызығушылық танытқан мұғалімдерге «Эссе жаза білеміз бе?» атты әдістемелік қолдау сағатын өткізді. Әдістемелік қолдау сағатында қатысушылар эссенің құрылымымен, эссені жазу барысында ұстану керек тиімді тәсілдермен танысты. Мұғалімдер аттестациясында жазылатын эссенің ерекшеліктерін талдады. Мұғалімдер өткізілген шараның өз жұмыстары үшін тиімді болғанын атап өтті. 

