12
февраль
2025
«Қамқоршылық кеңесінің» кезекті отырысы өтті.
2025 жылдың 12 ақпанында гимназияда «Қамқоршылық кеңесінің» кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі және арнайы шақырылған қонақтар – Құрманбаев Марат Серікжанұлы мен Ермекбаева Анар Курмангазиевна қатысты. Гимназия директоры I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есеп беріп, II жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жазғы демалысты ұйымдастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша баяндама жасады.
Қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, ортақ шешімдер қабылдады. Жиын білім мен тәрбие саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға арналған нәтижелі әрі тиімді кездесу болды.