"ҰБТ-ге және қорытынды аттестаттауға дайындық және байқау тестілеуінің қорытындысы" тақырыбында жиналыс өткізілді. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰБТ-ге және қорытынды аттестаттауға дайындық және байқау тестілеуінің қорытындысы" тақырыбында жиналыс өткізілді.
18
ноябрь
2024

"ҰБТ-ге және қорытынды аттестаттауға дайындық және байқау тестілеуінің қорытындысы" тақырыбында жиналыс өткізілді.

«Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ-де 18.11.2024 күні мектеп әкімшілігі, 11-сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің қатысуымен "ҰБТ-ге және қорытынды аттестаттауға дайындық және байқау тестілеуінің қорытындысы" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Қазан айының ҰБТ байқау тестілеу қорытындысы
ДОІЖО Токсеитова С.М.
2. ҰБТ-ге және қорытынды аттестаттауға дайындық барысы.
11-сынып жетекшілері және пән мұғалімдері.
3. Әр түрлі мәселелер
Ең алғашқы сөзді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары алып, қазан айының ҰБТ байқау тестілеу қорытындысы бойынша толық талдама жасады. Тестілеу нәтижесі бойынша төмен нәтиже көрсетіп отырған оқушылар мен пәндерге баса назар аударды.
Келесі кезекте әр сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша қандай жұмыстар жүргізіп жатқандығы туралы пікірі тыңдалды.
Гимназия директоры Н.К.Муканова өз сөзінде алдағы ҰБТ-ге, қорытынды аттестаттауға дайындықты күшейту, сонымен қатар жекелей және психологиялық тұрғыда да олармен әңгіме жүргізу керектігі және ата-аналармен тығыз байланыста болып, бірлесе әрекет етуге кеңес берді.