13
февраль
2025
Рәбиға Сыздықованың 100 жылдығына арналған "Тіл майданындағы қайсар қыз" атты дөңгелек ұстел өткізді.
13 ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, лингвистика магистрі А.М. Кунанбаева ф.ғ.д., профессор ҚРҰҒА-ның академигі Рәбиға Сыздықованың 100 жылдығына арналған "Тіл майданындағы қайсар қыз" атты дөңгелек ұстел өткізді. Шараға гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сүйіп оқитын оқушылар, өз болашақтарын осы пәнмен байланыстырып отырған түлектер қатысты. Қатысушылар ғалымның өмірбаянымен, еңбектерімен таныса отырып "Сөздер сөйлейді" еңбегіндегі кейбір сөздердің мағынасымен танысты.