“Директормен Coffee” жобасының кезекті кездесуі өтті! 🎉 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Директормен Coffee” жобасының кезекті кездесуі өтті! 🎉
18
февраль
2025

“Директормен Coffee” жобасының кезекті кездесуі өтті! 🎉

“Директормен Coffee” жобасының кезекті кездесуі өтті! 🎉

Гимназиямызда «Директормен Coffee» жобасының кезекті қатысушысы – 10” В” сынып оқушысы Медетұлы Ислам болды! 💬✨

Ашық диалог алаңында Ислам мектеп өмірі, қазіргі өзекті мәселелер туралы өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ, өзінің жаңа идеясымен бөлісіп, гимназияда волейболдан сыныптар арасында мектепшілік турнир өткізуге ой тастады. Гимназия оқушыларының мектеп формасы туралы, ортаға бейімделу мәселесі, буллинг тақырыбы да қозғалып, жағымды атмосферада мазмұнды сыр -сұхбат болды.

Гимназиямыздың директоры Нұргүл Құлжағазықызы да талқылау барысында қызықты сұрақтар қойып, мазмұнды пікір алмасу орын алды.

🔹 Бұл жоба не үшін маңызды?
✅ Оқушылардың ойын тыңдау
✅ Мектептегі өзекті мәселелерді бірге талқылау
✅ Жетістіктермен бөлісіп, жаңа идеяларды талқылау

📌 Келесі кездесуде жаңа қонақтармен тағы да қызықты сұхбат күтілуде! Өз ойыңды жеткізгің келсе, «Директормен Coffee» жобасына қосыл! ☕️💡