14
октябрь
2022
Ұжымға жаңадан келген әріптестердің бейімделу үрдісіне талдау жасау, әдістемелік, психологиялық көмек көрсету мақсатында «Ұстаз ұлық емес, ұлы тұлға» атты сыр-сұхбат өтті.

Мектебіне қарап оқушысын, оқушыға қарап мұғалімді таныуға болады демекші, шынында да мұғалім мектептің негізгі мүшесі, жүрегі болып табылады.
Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназия ұжымы биыл да жаңадан келген әріптестермен толыққан болатын.
Мұғалім болып мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестеріңнен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену мықты құрал. 14 қазан күні ұжымға жаңадан елген әріптестердің бейімделу үрдісіне талдау жасау, әдістемелік, психологиялық көмек көрсету мақсатында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Н.Қ. Мұқанованың ұйымдастыруымен «Ұстаз ұлық емес, ұлы тұлға» атты сыр-сұхбат өтті. Дәстүрден тыс форматта ұйымдастырылған пікір алмасу жағымды психологиялық ахуал барысында тренинг, сауалнама, дәріс, ойын түрінде өтті. «Үйлесім доңғалағы» – Тайм – менеджмент тәсілі арқылы «Педагогикалық табыс» үйлесім доңғалағын жасап, кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау диагностикасы жүргізілді. Мектеп психологтары Рахымбердин Т.Б пен Жағыпарова А.Б эмоционалды интеллект арқылы қарым-қатынас орнатудың маңызын түсіндірді. Сыр-сұхбат барысында гимназия директоры А.Аубакирова педагогикалық қызметтің қыр-сыры туралы пікірімен бөлісіп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі. Сыр–сұхбат соңында ұстаздарға мотивациялық жаднама таратылды.