24
февраль
2025
6”Ә”сыныбында “Why we should travel” тақырыбында Кармысова Зауреш Окметкановна ашық сабақ өткізді.
24.02.2025 ж. ағылшын тілі бірлестігінің апталығы аясында 6”Ә”сыныбында “Why we should travel” тақырыбында Кармысова Зауреш Окметкановна ашық сабақ өткізді. Warm-up-ты чемодандағы жасырын заттарды табу арқылы шетелден сарқыт үлестіріп оқушылардың көңіл-күй ахуалын тудырды. Genially қосымшасының Puzzle әдісі арқылы модуль бойынша сұрақтар қойылып, сабақтың тақырыбын оқушылармен бірге анықтады. Listening дағдысын дамытуда pre-while-post listening тапсырмаларын орындады. Travel Cryptogram арқылы саяхатқа байланысты сөздерді анықтады.3 мемлекетті таңдап, командамен берілген сұраққа жауап іздеп, қорғады. Топқа бөліну, өздік бағалау, рефлексия Passport арқылы жүзеге асты. Әр оқушы белсенділіне қарай бағаланып, үй тапсырмасы берілді. 



