7”Б” сыныбында “Ойын элементтері арқылы оқыту трендінің жалпы білім сапасына әсері”командалық жұмыс » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7”Б” сыныбында “Ойын элементтері арқылы оқыту трендінің жалпы білім сапасына әсері”командалық жұмыс
05
февраль
2025

7”Б” сыныбында “Ойын элементтері арқылы оқыту трендінің жалпы білім сапасына әсері”командалық жұмыс

05.02.2025ж. 7”Б” сыныбында “Ойын элементтері арқылы оқыту трендінің жалпы білім сапасына әсері”командалық жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында алгебра пәнінен «Екі өрнектің кубтарының қосындысы және айырмасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
“Жасырын сөздер” әдісі арқылы 4 командаға бөлініп, оқушылар өз рөлдерін анықтады. Біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына сәйкес “Жасампаздық бәрімізге -өнеге” атты ақпан айының дәйексөзі арқылы сабақ байланыстырылды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін үй тапсырмасын тексеруде (Wordwall )
платформасында
“Ақиқат-жалған” ойыны жүргізілді. Оқулықпен жұмыс барысында “Ойлан,жұптас,бөліс” әдісі арқылы әр команда бірлесе отыра есептерді бірігіп шығарды. Жұптық жұмыс орындауда “Бос орынды толтыру” постер қорғау және жеке жұмыс орындауда “ABCD ойыны” логикалық тапсырмалары Wordwall платформасында орындалды. Оқушылар “TikTok” әдісі арқылы кері байланыс жүргізді.