20
март
2025
Гимназияда 9-сынып оқушылары “Наурыз мейрамы - таным мен тұжырым торабы” атты “Даналық мектебі” клубы шеңберіндегі танымдық сағатын өткізді.
Гимназияда 9-сынып оқушылары “Наурыз мейрамы - таным мен тұжырым торабы” атты “Даналық мектебі” клубы шеңберіндегі танымдық сағатын өткізді. Мақсат - Наурыз мейрамының шығу тарихы, ресми мәртебесі туралы, тойлану ерекшеліктері туралы ақпарат бере отырып, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіру. Танымдық сағатқа қонақ ретінде шақырылған мектебіміздегі “Ата өсиеті” мектебінің мүшелері Мукатаев Ауелхан Мукатаевич пен Шуркумбаев Слямбек Сансызбаевич оқушыларға тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тойланған наурыз туралы естеліктер айта отырып, бұл мерекенің маңызына тоқталды. Шара барысында музыка пәнінің мұғалімі Мадина Құралқызы “Маралдым” әнінен шашу шашты. Мектептің “Аяла” би тобы “Текемет”, “Назым” билерін ұсынды. “Мұрагер” домбырашылар оркестрі “Ертұран” күйін орындады. Қатысушы оқушылар қонаққа келген аталарының алдында қол күрестіріп, арқан тартысты. Наурыз ырымдарының бірі ретінде аластау ырымы жасалып, оның халық сеніміндегі орны айтылды.