24
март
2025
Осы орайда Семей қаласы «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ-ң оқушылары мен мұғалімдерінің «Жетідара» командалық жоба жұмысы жоспарланған.
Президентіміз сөз еткендей жас ұрпақтың бойына Тәуелсіздік пен Отаншылдық құндылықтарын дарыту және қазақтың батыр қыздарының ерліктерін насихаттап, оқушылар арасында патриоттық сана-сезімді дамыту қажет. Осы орайда Семей қаласы «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ-ң оқушылары мен мұғалімдерінің «Жетідара» командалық жоба жұмысы жоспарланған. Бұл жоба Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылып отыр. Жоба аясында оқушылар батыр қыздардың рөлін сомдап, сахналық көрініс пен өз арнауларын жолдау арқылы батыр қыздарға тағзым етіп, өскелең ұрпаққа ерлікті дәріптейді.
20.03-30.03. 2025 жылы аралығында Ұлы Отан соғысының батыр қыздары Б.Байғожина, Х.Доспанова, Ә. Молдағұлова, М.Мәметовалардың туған жерлері Абай, Атырау, Орал, Ақтөбе облыстарына ұйымдастырылған тарихи-зерттеушілік экспедицияға шығу жоспарда.