Наурыз айының 26 күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев еліміздегі 100 жылдан асқан тарихы бар білім ордаларымен онлайн-кездесу өткізді. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз айының 26 күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев еліміздегі 100 жылдан асқан тарихы бар білім ордаларымен онлайн-кездесу өткізді.
26
март
2025

Наурыз айының 26 күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев еліміздегі 100 жылдан асқан тарихы бар білім ордаларымен онлайн-кездесу өткізді.

Наурыз айының 26 күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев еліміздегі 100 жылдан асқан тарихы бар білім ордаларымен онлайн-кездесу өткізді. Оған республикамыздың 97 мектебі және 12 колледжі қатысты.
Кездесу барысында тарихы тереңде жатқан , сонау 19- ғасырдан бері қабырғасы шайқалмай, туы жығылмай, кірпіші бұзылмаған қара шаңырақтардың білім басшылары сөз алып, өз оқу орындарымен таныстырды. Шежірелі білім ордаларының тарихы жайлы, түлеп ұшқан атақты да танымал тұлғаларын мақтанышпен айта отырып, бүгінгі күні атқарып жатқан игі істері турасында ақпарат берді.
Министр Ғ. Б. Бейсембаев жиналысқа қатысушы барлық білім ордаларына ризашылығын білдіре отырып, игі тілектерін айтты.
Сөз соңында тамыры тереңде жатқан мектептердің көпке үлгі екендігін жайлы қорытындылай келіп, мына нәрселерді қолға алатындығын жеткізді:
Осы мектептер мен колледждердің инфраструктурасын жаңғырту. Білім мекемелерінің мықты тәжірибелерін облыс, республика көлемінде тарату. Осы тарихи мектептерден қауымдастық құру.
Ұстаздарды министрлік тапатынан марапаттау және ұжымға “Алғыс хат”жіберу.