09
май
2025
"Жеті дара" командасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Тамыры терең тарихтан - жарқын болашаққа» атты әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы командалық жобаның жүзеге асуына мұрындық болды.
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы" КММ-нің "Жеті дара" командасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Тамыры терең тарихтан - жарқын болашаққа» атты әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы командалық жобаның жүзеге асуына мұрындық болды.
Тарих – естелік емес, тағылым. Бүгінгі бейбіт өмірдің әр сәті – кешегі ерліктің жемісі. Осы сұрапыл соғыста ер жүрек батыр боздақтар мен қаракөз қыздар да ерлікпен қаза тапқан. Сол қыздардың ерлігіне тағзым етіп, Шыңғыстаудың батыр қызы, жерлесіміз, мерген ару Баян Байғожина, Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, «Қанатты қыз» деген атпен танылған ұшқын ару Хиуаз Доспанованың ерліктеріне тағзым етіп, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Тамыры терең тарихтан — жарқын болашаққа» атты жобаның қорытынды шарасы өтті.
Жобаның мақсаты:
•Қазақтың батыр қыздарының ерлігін насихаттау;
•Оқушылар арасында Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді дамыту;
•Мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау.
Жоба қатысушылары:
•Команда капитаны, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі-Тусупов Серік Асаубайұлы.
•Тарих пәні мұғалімі-Жумабекова Гульмира Бектемировна.
•Мектеп тәлімгері-Тастемірова Айшабибі Бауыржанқызы.
10 сынып оқушылары: Сарсен Асылай Бақытқызы, Бектемирова Әлия Қайратқызы, Берикханова Ақерке Нуртилековна,Кенжеғазы Мақпал Кенжеғазықызы
Жобаның қорытынды нәтижесі ретінде қысқа деректі фильм түсіріліп, көрерменге ұсынылды.
Осы іс-шараны тамашалауға қала қонақтары қатысты:
✅Абай облысы Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Асқарова Дидар Асқарқызы.
✅Абай облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары подполковник Қанат Шарипханов.
✅Абай облысының білім басқармасы "Дарын" орталығы әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Курманов Болат Анарбекұлы.
✅Капитан Тоқтарбаев Ерзат Әуезұлы 44793 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жүмыстар жөніндегі батальон командирінің орынбасары.
✅Алихан Бөкейхан Университеті әскери кафедра бағытындағы орынбасары, майор Манасов Айдар.