«Абай жолымен – болашаққа!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны туралы ақпарат » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай жолымен – болашаққа!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны туралы ақпарат
26
май
2025

«Абай жолымен – болашаққа!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны туралы ақпарат

«Абай жолымен – болашаққа!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны туралы ақпарат

Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында биылғы соңғы қоңырау салтанаты – еліміздің рухани тірегі, данышпан Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай жолымен – болашаққа!» атты тақырыппен өтті. Бұл – ғасырлық тарихы бар білім ордасынан үлкен өмірге қанат қаққалы отырған 74-легі – 64 түлекті шығарып салу рәсімі. Оның ішінде 12 алтын белгі, 9 үздік аттестат 8 грант иегері бар.
Салтанатты жиын гимназияның «Мұрагер» домбырашылар ансаблінің орындауындағы «Домбыра» күйімен ашылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
• Жыл бойы жоғары үлгерімімен, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысқан, жан-жақты дарынымен көзге түскен, көшбасшылық қасиеттері баршаға үлгі болған үздік оқушылар мен халықаралық білім грант иегерлері марапатталды.
• Құрметті қонақ ретінде Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен мектебіміздің Республикадағы үздік 100 мектеп қатарына енгендігі туралы» марапаттар табыстады.
• Ардагер ұстаз Алма Медетқызы мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды тілектерін жолдады.
• Шәкірттер «Мектеп жолы – Абай ізімен» атты әдеби композиция арқылы жүрек тебірентер қойылым ұсынып, «Түлектер» әні шырқалды.
• Дәстүрлі қоштасу вальсі мен соңғы қоңырау үні – бұл күннің басты көрінісі болды.
Салтанатты жиын - Абай мен Шәкәрім рухын арқау ете отырып, ұлт болашағына жол тартқан түлектерге рухани бағдар, үлкен өмірге бастар баталы сапар болмақ.
Салтанатты жиыннан соң, түлектер жиын залында “Түлектер концерті” тақырыбында бастауыш сынып және 11 жыл бойы сабақ берген пән мұғалімдеріне, ата-аналарына алғыс ретінде іс-шара өткізді. Түлектер іс-шара барысында, концерттік нөмірлер қойып, көрермендерін қуанышқа бөледі.