«Abay FIRST Scrimmage 2025» семинары » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2025

«Abay FIRST Scrimmage 2025» семинары

Бүгін Семей қаласы білім бөлімінің №51 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ  базасында Абай облысының білім басқармасы ММ "Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық  ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығы" КМҚК ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық «Abay FIRST Scrimmage 2025» семинары өтті.
Семинар барысында пән мұғалімдері тәжірибе алмасып, заманауи цифрлық білім беру бағыттары мен FIRST робототехникасының жаңа тәсілдері талқыланды.
Іс-шараның модераторы – гимназиямыздың информатика пәнінің мұғалімі Тұрсынбеков Айдос Асқатұлы, қатысушыларға мазмұнды баяндама ұсынып, оқушыларымыздан құралған "Tengri" командасы практикалық бағыттағы тың идеялармен бөлісті.
Осындай семинарлар ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттырып, оқушыларға сапалы білім беруге жол ашады!
https://www.instagram.com/reel/DQKHzKXjIEB/?igsh=cTY2bGg1c2l2dHRo​​​