20
февраль
2026
«Ыбырай ізімен: оқу мен өнеге жолы» атты әдеби-сахналық байқау
Гимназиямызда «Ыбырай ізімен: оқу мен өнеге жолы» атты әдеби-сахналық байқау ұйымдастырылды.
🔹Іс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы білімнің маңызын, адамгершілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау.
🔹Байқауға 5–6 сынып оқушылары қатысып, ағартушының тәрбиелік мәні зор әңгімелерін сахналық қойылым ретінде ұсынды:
📚 «Асан мен Үсен»
📚 «Әке мен бала»
📚 «Жаман жолдас»
📚 «Мейірімді бала»
🔹Оқушылар кейіпкерлердің бейнесін шынайы жеткізіп, актерлік шеберлік, сахна мәдениеті және шығарманың идеясын ашу жағынан ерекше көзге түсті. Көрермендер де қойылымдарды үлкен ықыласпен тамашалады.
Қазылар алқасының шешімімен үздік қатысушылар марапатталып, барлық оқушыларға алғыс хаттар табысталды.
🔹Осындай тағылымды кештер арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып, ұлттық құндылықтарға деген құрметі нығая түседі деп сенеміз.
«Кел, балалар, оқылық!» — ұлы ұстаздың аманаты әрдайым бізбен бірге.
Ұйымдастырушылар:Шәкәрім университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша іс-тәжіриеден өтуші студенттері.