03
апрель
2026
Рухани мұра - сапалы білімнің негізі
Бүгін облыста «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ базасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ МЕН ҚАНИПА БІТІБАЕВА ӘДІСТЕМЕСІ: ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинар барысында ғалым, ф.ғ.докторы, профессор Еспембетов Арап Сләмұлы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
университетінің профессоры, ф.ғ.д, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Картаева Айжан Маратбековна, Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінің ф.ғ.к., доцент Ақтанова Айман Советовналар Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева туралы естеліктермен бөлісті. Семинардың келесі "Тәжірибелік алаң. Ашық сабақтар керуені" бөлімінде Қанипа Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бойынша ашық сабақтар өткізілді. Гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Д.Т. Сулейменова "Ежелгі кітапханалар" тақырыбында 6-сыныпта сабақ өткізіп өз тәжірибесімен бөлісті.https://www.instagram.com/reel/DWrnO8VANY0/?igsh=MTJuZHRyYTgzdWJlaQ==