Тәрбие сағаты » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2026

Тәрбие сағаты

2026 жылғы 7 сәуір күні «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» атты жалпы республикалық бірыңғай сабақ тұжырымдамасына сәйкес тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын маңызды өмірлік құндылық ретінде түсіндіру және оны тұрақты түрде ұстануға бағыт беру.
Іс-шара барысында оқушылар салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктерімен танысып, физикалық және психикалық денсаулықтың маңызын талқылады. Сонымен қатар өзін-өзі реттеу, күйзеліске төзімділік және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, денсаулықтың адам өміріндегі ең маңызды құндылық екенін терең түсінді.
Салауатты ұрпақ – ел болашағы.