12
апрель
2026
«Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумы»
2026 жылғы 8–9 сәуір | Астана қаласы
Астана қаласында «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумы» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз жұмысын жалғастыруда. Аталған маңызды іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген делегациялар қатысуда.
Форум жұмысына Абай облысының делегациясы да белсенді атсалысып, өңір намысын абыроймен қорғап отыр.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің алаңында жас көшбасшылар өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-нің 11-сынып оқушысы Әмір Маратов пен «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ-нің 10-сынып оқушысы Нұркен Төлеубек спикер ретінде сөз сөйледі.
Жас спикерлер өз баяндамаларында білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, тың ұсыныстарын жеткізді. Олардың мазмұнды да сауатты ой-пікірлері жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Жалпы, аталған форум тәжірибе алмасуға, оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытуға және пікір білдіру мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң.