16
апрель
2026
Кентау Назарбекпен тағылымды кездесу
Бүгін гимназиямызда ерекше кездесу өтті!
Ғасырдан астам тарихы бар қара шаңырағымызға Семей өңірінен, Абай топырағынан түлеп шыққан өнер иесі — композитор, әнші Кентау Назарбек ағамыз қонақта болды.
Оның шығармашылығынан туған жердің иісі, қазақы болмыстың үні, ұлтқа деген шынайы жанашырлық анық сезіледі. Ашық сұхбат барысында ағамыз өнердің басты мақсаты — халыққа қызмет ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу екенін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында оқушыларымыз ағамыздың тағылымға толы әңгімелерін тыңдап, өнер ғана емес, ұлт, бірлік, руханият жайлы терең ойлармен сусындады. Сонымен қатар, көпшілікке беймәлім әндерінің тарихымен танысу — баршаға үлкен әсер сыйлады.
Осындай рухани кездесулер жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыратыны сөзсіз.
Кентау Назарбек ағамызға шығармашылық табыс, шалқар шабыт және ұзақ ғұмыр тілейміз!https://www.instagram.com/reel/DXM6t6KADIA/?igsh=OHVkazllczI0eWZj