20
апрель
2026
Жас өнерпаздардың жарқын белесі
Өнер — ұлттың жаны, ал күй — қазақтың қаны. Семей қаласында өткен «ZHANGYRU» халықаралық байқау-фестивалінде “Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының” бақ сынаған «Мұрегер» домбырашылар ансамблі айтулы жетістікке жетіп, VIP бас жүлде иеленіп, арнайы алғыс хатпен марапатталды. Арнайы “Alakol Fest 2026” байқауына жолдама. Бұл тек бір топтың ғана емес, ұлттық аспапты ұлықтап жүрген жастардың ортақ жеңісі.
Ансамбль байқауда халық күйі «Ер тұран» күйін орындап, көрермен мен қазылар алқасын тәнті етті. Күйдің екпінді ырғағы мен ансамбль мүшелерінің шеберлігі үйлесім тауып, қазақ өнерінің құдіретін паш етті. Әрине, мұндай жетістіктің артында ұстаздың қажырлы еңбегі тұрғаны анық. Педагог-жетекші Жүнісбекова Жанерке Жүнісбекқызы жетекшілігімен жас өнерпаздар кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты.
Қорыта айтқанда, «Мұрагер» ансамблінің бұл жеңісі — олардың өнер жолындағы алғашқы белестерінің бірі ғана. Домбыраның үнін әлемге танытуды мақсат еткен жастардың болашағы жарқын, алар асулары бұдан да биік болатынына сенім мол.