21
апрель
2026
"Абай Қырандары" халықаралық додада ел намысын қорғауда
Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштері жанындағы Әскери қауіпсіздік және қорғаныс университетінің Құрлық әскерлері институтында «Ватан таянчи» қозғалысының мүшелері мен шетелдік мемлекеттердің бітіруші оқушылары арасында өтетін «Ватанпарварлар» халықаралық әскери-спорттық жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
✅ Шара барысында Қарулы Күштердің Орталық ән-би ансамблі және танымал өнерпаздар ұлттық әрі шығыс нақышындағы әуендерден құралған концерттік бағдарлама ұсынып, театр әртістері мен әскери қызметшілердің көрнекі қойылымдары көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
🔥 Қазақстан құрамасы — «Абай Қырандары» әскери-патриоттық клубы жарыстың алғашқы күнінен-ақ жоғары нәтиже көрсетіп, өз мықтылығын дәлелдеуде.
🇰🇿 Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының АӘД жетекшісі Тусупов Серік Асаубайұлы және мектеп түлегі Самархан Олжас Айдосұлының жетекшілігімен 10-сынып оқушылары Тұрғазы Бекнұр мен Құнанбаев Әкежан, сондай-ақ 11-сынып оқушысы Абылахан Темірлан да жарысқа қатысуда.