21
апрель
2026
МИФ апталығы аясында ашық сабақ
21.04.2026 ж. МИФ апталығы аясында 9 «В» сынып оқушыларымен «Рентген сәулелері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар:
- Рентген сәулелерінің табиғатын, ашылу тарихын және олардың негізгі қасиеттерін қайталады;
- Сәулелердің заттармен әрекеттесуін және электромагниттік толқындар шкаласындағы орнын талдады;
- Рентген сәулелерінің медицинада, техникада және ғылыми зерттеулерде қолданылу аясын практикалық мысалдармен қарастырды.
Сабақтың мақсатына жету үшін келесі әдіс-тәсілдер қолданылды:
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ЖИ (жасанды интеллект) көмегімен ашу;
Командалық жұмыс: топтық эксперименттік тапсырмаларды орындау;
Жекелеген және жұптық тапсырмалар: есептер шығару және схемалармен жұмыс;
Қорытындылауға арналған «Викторина» әдісі (Educaplay.com платформасы арқылы).
Оқушылар сабақ барысында жоғары белсенділік танытып, физикалық заңдылықтармен жүйелі жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде тапсырмалар шапшаң әрі сапалы орындалып, сабақ мақсатына толық қол жеткізілді.
Пән мұғалімі: Мақсұт А. М.https://www.instagram.com/reel/DXZPqxlDMD0/?igsh=MWQxOGM1ejdtcWx0Nw==