Өнер мен өмір тоғысқан тағылымды кездесу
Бүгін, яғни 24.04.2026 ж гимназияда тамаша кездесу өтті. Бүгінгі кездесу – тек өнер туралы емес, өмір туралы кездесу.Біздің қонағымыз – тағдырдың талай сынынан өткен, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген, жастарға үлгі бола білген азамат – Аслыбай Абылайхан Қалқанұлы. Әкесі – ұста, анасы – ісмер, нағашысы – зергер. Бұл – өнердің тұтас бір әулеті десек те болады. Өмірдің қиындығы да аз болмаған. Бірақ ол сынбады. Өнерге қайта оралып, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы атанды, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, “100 жаңа есім” жобасына енді. Оның өмір жолы – төзімнің, қайсарлықтың және рухтың үлгісі. Қазақ халқы үшін қолөнер – тек кәсіп емес, ол – ұлттың тарихы, салты, тәрбиесі мен рухани байлығы. Абылайхан ағамыз – ұлттық қолөнер саласында еңбек етіп жүрген тәжірибелі шебер.Ол қазақтың дәстүрлі бұйымдарын жасап қана қоймай, жастарға үлгі көрсетіп, ұлттық өнердің дамуына өз үлесін қосып келеді
Кездесу барысында оқушылар ағамыздың тағылымға толы әігімелерің тыңдап, өнер ғана емес, ұлт, руханият жайлы ойларымен бөлісті. Осындай рухани кездесулер жас ұрпаққа бағыт – бағдар беріп, ұлттық құндылықтарға деген сүіспеншілікті арттаратыны сөзсіз.
Абылайхан аға, бүгін біз сіздің сөзіңізден бір ғана нәрсені анық түсіндік: өнер – тек қолдың еңбегі емес, жүректің рухы. Сіздің өміріңіз – төзімнің мектебі, қайсарлықтың үлгісі. Бүгінгі кездесу оқушыларға үлкен тәрбие, үлкен мотивация болды. Сізге зор алғыс айтамыз!Өнеріңіз өрлей берсін, еңбегіңіз елене берсін ұзақ ғұмыр тілейміз.






