01
сентябрь
2026
1 қыркүйек Білім күні
1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы – білім әлеміне бастайтын жаңа қадамның, үлкен арман мен биік мақсаттардың бастауы. Бұл күн әсіресе гимназия табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін ерекше есте қалатын қуанышты сәт болды.
🔶Салтанатты іс-шараға гимназия әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ардагер ұстаздар және арнайы қонақтар қатысты.
Құрметті қонақтарымыз:
🔹 Серікбеков Диас Серікұлы – Абай облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы;
🔹 Қанағатов Шалқар Хамитханович – Абай облысы полиция департаменті басқарма басшысы, полиция полковнигі;
🔹 Ерболат Нұрланұлы – Абай облысы полиция департаменті Семей қаласы Ауэзов полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің басшы орынбасары, полиция капитаны;
🔹 Серікбол Көпбайұлы – Семей қаласы ардагер ұстаздар алқасының төрағасы.
🔶Жиын барысында гимназия директоры Нұргүл Құлжағазықызы білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, шәкірттерге сәттілік пен толағай табыстар тіледі. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, білім кілтін қабыл алды.
🔔 Алғашқы қоңырау үні жаңа оқу жылына жол ашып, әр шәкірттің жүрегіне білімге деген сүйіспеншілік, Отанға деген құрмет және жарқын болашаққа сенім ұялатсын! Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!https://www.instagram.com/reel/DcvWuFOgEKL/?igsi=MXN1MWlxZjhseG9vag==