ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН! » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2026

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН!

17 қараша күні Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясында Абай облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Ерлік сабағы» өтті.

Тағылымды кездесуге арнайы қонақтар қатысты:

▪️ Бейсенбаев Олжас Түсіпбекұлы – Абай облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы;

▪️ полковник Омаров Руслан Серікханұлы – Абай облысы қорғаныс істері департаментінің бастығы;

▪️ Ақылбеков Ақылжан Ақиқатұлы – Абай облысы жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы;

▪️ Айшекова Айша Жұмабекқызы – «Ұлағат» жастар үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары.

Спикерлер оқушылармен Отан алдындағы борыш, ел қауіпсіздігі, ерлік пен патриотизм тақырыптарында ой бөлісіп, маңызды сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында «Жас сарбаз» сыныбының орындауындағы «Сауыт» әні іс-шараның патриоттық рухын асқақтатты.

Ерлік – елге қызмет етуден, Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктен басталады! ​https://www.instagram.com/reel/Df2TTfPA9q-/?utm_source=ig_web_copy_link&evlk=MzRlODBiNWFlZA==&avpt=MzRlODBiNWFlZA==


​​​