02
сентябрь
2026
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Баршаңызды Шәкәрім баба атындағы гимназиямыз ұйымдастырып отырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясындағы бүгінгі игі шарамызда көргенімізге қуаныштымыз!
«Мектепке жол» – балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын қуанышпен бастауына мүмкіндік беретін ізгі бастама.
Қайырымдылық – мейірімділік пен қамқорлықтың, ал бірлік – жақсылықтың негізі.
Осы акцияға атсалысып, балаларға қажетті оқу құралдары мен сыйлықтарды жинауға үлес қосқан барлық демеушілерге, ата-аналарға, ұстаздарға және жанашыр азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Жақсылықтың бастауы – ізгі ниет. Бүгінгі шараға ақжолтай тілегін білдіру үшін сөз кезегін гимназия директоры Нұргүл Құлжағазы қызына беріледі.
Қошеметпен қарсы алайық!
[Директордың сөзі]
Ал енді бүгінгі шарамыздың ең қуанышты сәтіне кезек берейік.
«Мектепке жол» акциясы аясында жиналған мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сыйлықтарды балаларымызға табыстау рәсімін бастаймыз.
Ортаға [оқушылардың аты-жөні] шақырамыз!
Балаларымызды қол соғып қарсы алайық!
Қымбатты балалар, бұл сыйлықтар – сіздерге деген қамқорлық пен ақ ниеттің белгісі.
Жаңа оқу жылында оқуда озат, армандарыңызға қанаттарыңыз талмай жетіңіздер!
Әрбір дәптеріңіз – жаңа білімге, әрбір кітабыңыз – жаңа жетістікке бастасын!
Сыйлықтарды табыста
Енді осы жарқын сәтті естелікке қалдыру үшін мектеп әкімшілігін, демеушілерімізді және сыйлық алған оқушыларымызды ортаға естелік суретке түсуге шақырамыз.
Бүгінгі шара – жақсылық пен мейірімділіктің жарқын көрінісі болды.
Балаларға көрсетілген әрбір қолдау – олардың болашағына жасалған үлкен қадам.
Осы игі іске үлес қосқан барша жанға тағы да алғысымызды білдіреміз!
Жаңа оқу жылы баршаңызға сәттілік, қуаныш және үлкен жетістіктер әкелсін!
Балаларымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен қуаныш кетпесін!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Жақсылықтарыңыз еселене берсін!