10
сентябрь
2026
"Өнер мен құндылық: көркем еңбек сабағында тәрбиелік әлеует. Art Meetup" тақырыбында облыстық семинар өтті.
09.09 күні "Өнер мен құндылық: көркем еңбек сабағында тәрбиелік әлеует. Art Meetup" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар бағдарламасы 3 бөлімге бөлінді. Көркем еңбек ұстаздары шеберлік сабақтарын көрсетіп, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, енді бір тобы Аламан құрақ-2026 жобасының қатысушылары көпшілікпен өз тәжірибелерімен бөлісті. Осы семинарда іс-тәжірибесімен бөліскен гимназиямыздың көркем еңбек пәні мұғалімі Сайрамгуль Гимарановна Джумадилова сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, осы семинар аясында Аламан құрақ-2026 жобасына қатысқаны үшін Global Best of Records халықаралық рекордтың қола орденімен марапатталды. Ұстазымызды марапаттарымен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз!