«ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР» » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2026

«ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР»

«ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР»

Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында өлең мен өнерді, сырлы сөз бен шығармашылықты тоғыстырған «Өлеңмен өрілген ғұмыр» атты әдеби кездесу кеші өтті. ✨

Кешіміздің қадірлі қонағы — ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Абай облысы филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Абай атындағы облыстық кітапхананың директоры Мерей Мейіртайұлы Қарт.

Кездесу барысында оқушылар ақынның шығармашылығымен танысып, поэзия әлемі, қаламгерлік жолы туралы тағылымды әңгіме тыңдады. Ақын өлеңдерін оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жас ұрпаққа жүрекжарды тілегін жеткізді.

📚 Әдеби кеш оқушыларға ерекше әсер сыйлап, поэзияға деген қызығушылығын арттырған, рухани тағылымы мол кездесу болды.
​​​​
Өлең — жүректің үні, жыр — ғұмырдың ізі! 💫https://www.instagram.com/reel/DdS3ud7qGzO/?stkn=NGVvNWVkZ2JkbDNu