«Жаңа жылды тойлау дұрыс па, бұрыс па?» деген тақырыптағы дебат ұйымдастырылды » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа жылды тойлау дұрыс па, бұрыс па?» деген тақырыптағы дебат ұйымдастырылды
06
февраль
2020

«Жаңа жылды тойлау дұрыс па, бұрыс па?» деген тақырыптағы дебат ұйымдастырылды

Жаңа жыл... Керемет  мереке! Жыл сайын жаңа жылды жаңа үмітпен, қуанышпен,бір ғажайып ертегідей сезіммен қарсы аламыз.Аяз атаны да, әсем шыршаны да, ең бастысы арнайы сыйлықтарды да асыға тосамыз.Бірақ... Жасымыз 10-ға жақындап, есейгеніміз бе, біз, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның  3 «Б» сынып оқушылары биыл осы мерекеге басқа қырынан қарап көрдік.Оған ой салған сынып жетекшіміз Нұргүл Құлжағазықызының «Жаңа жылды тойлау дұрыс па, бұрыс па?» деген тақырыптағы дебаты болды.Ұстазымыз бізге үнемі ойландыратын сұрақтар қояды, пікір айтып, мәселені өз бетімізше шешуге үйретеді.Осы дебат барысында сыныптастарымның көбінің ойы – Жаңа жылдық шығындар – ысырапшылдық дегенге тоғысты.Қаншама қаржы отшашулар мен тәттілерге жұмсалады екен.Одан да сол қаражатты қайырымдылыққа жұмсасақ деген ортақ шешімге тоқтадық. Және бәріміз бірдей бұл шешімнің дұрыстығын түсіндік.Сынып болып басқаларға да ой салсын деген мақсатта қайырымдылыққа шақырған челлендж түсірдік.
        Анашыма биыл Аяз атаға хат жазудың қажеті жоқ дегенімде, ол түсінбей қалды.Сонан соң біздің сыныппен сыйлықтан бас тартып,оны қайырымдылыққа жұмсайтынымызды естігенде қатты қуанды.Басқа ата-аналар да қолдап, біз осы іс-шараны бастап кеттік.
        Сезім, Сұлтан, Сырым.Олардан Аяз атадан не күтесің деп сұраса, сөзсіз «Анашымды қайтаршы!» дер еді.Әттең, біз сиқыршы емеспіз, Аяз ата да «всемогущий» емес.Алайда, біз сыныппен осы үш балаға мереке сыйлауға тырыстық.Оларды өзімізбен бірге шырша мерекесін тамашалауға алып бардық, ойын-сауыққа шақырып, көп сыйлықтар тарту еттік.Олар бізбен достасып, сыйлықтарға қатты қуанды.Ал, біздің қуанышымыз тіпті ерекше!Өйткені, ең үлкен бақыт-басқаға қуаныш сыйлау екенін түсіндік.Өмірдің мәні қайырымдылық пен мейірімнен тұратынын ұқтық.
                       Жан дүнием ізгіліктен жаралған,
                       Жүрегімнен күн шуағы таралған.
                       Адамдарды ардақ тұтып, аялап,
                       Тек жақсылық жасай беру-бар арман!
                                                  Көбегенова Нұрсана Мақсатқызы