Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымы: «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары -1 бірлік.
Орналасқан жері (мекенжайы): 071410,, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі 38 А үйі, телефон 8-7222-32-84-54.
Электрондық пошталық мекен-жайы: vko_semey_GIM5@mail.ru
Негізгі қызметтері: Гимназиядағы оқу-тәрбие үдерісінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру, басқару және бақылау.
Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы
Буын | Саты | Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (тенге) | |
бастап | дейін | ||
А 1 | 3-1 | 132993 | 156883 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
- білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жыл жоғары педагогикалық білімі бар немесе мамандығына сәйкес жоғары кәсіби білімі бар;
- біліктілік санаты педагог эксперт,педагог-зертеуші, педагог-шебер болу керек;
- мемлекеттік және орыс тілін білу қажет;
- ақпараттық технология бойынша білімі болуы қажет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының , Қазақстан Конституциясын Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, "Рухани жаңғыру", "Құндылықтарға негізделген білім беру" бағдарламаларын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері:
Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді.Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында
педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", " мектеп-колледж-жоо", "колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-жоо», «мектеп-колледж-жоо» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
1. Педагогикалық коллективтің бағдарлы оқыту жұмыстарына басшылық жасайды.
2. Мектепті жүйелі басқаруды және жұмысты жоспарлауды ойластырады.
3. Мұғалімдер мен оқушылардың оқу іс әрекетін ұйымдастырады.
4. Мектеппен жоғарғы оқу орны арасында байланыс жасайды.
5. Белгіленген есеп құжаттарының (бухгалтер есептерінен басқа мектептің әдістемелік жұмыстары, мұғалімдердің білім көтерулері жөніндегі, жаңа оқу жылы қозғалысы бойынша РИК-83, педагогикалық кадрлар есебін т.с.с.) уақытында жүргізіліп, орындалуын, өткізілуін қамтамасыз етеді.т.с.с.) уақытында жүргізіліп, орындалуын, өткізілуін қамтамасыз етеді.
6. Мұғалім кадрларын іріктеп, орналастыруға қатысады және олардың кәсіптік білімдерін жетілдірулерін ұйымдастырады.
7. Оқу процесін жетілдіруде өз ұсыныстарын енгізеді.
8. Білім сапасын мониторингілеуде әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын үйлестіреді.
9. Оқу-әдістемелік жұмыстарын қорытындылайды.
10. Педагог кадрларды аттестациялауды әзірлейді және өткізуге қатысады.
11. Оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтауға, көрнекті құралдар және техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, кітапхана және әдістемелік кабинеттерді оқу әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруды үйлестіреді.
12. Оқушылар мен мұғалімдер портфолиоларын жүргізуді қадағалап, сараптайды.
13. География, химия,биология, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерінің сапалы берілуін қадағалайды.
14. Ғылыми әдістемелік семинарлар,конференциялар,ашық іс -шараларды ұйымдастырады.
15. Мемлекеттік құжаттар мен оқушылардың жеке бас құжаттарының (7-8 кластар бойынша) жүргізілуін қадағалайды, бақылайды.Педагогикалық кадрлардың жеке бас іс қағаздарының,еңбек кітапшаларының жүргізілуін қадағалайды (География, химия,биология,орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің )
16. Мұғалімдердің, оқушылардың ғылыми қоғамын басқарады. «Зерде» ғылыми зертханасын ұйымдастырады.
17. Оқу үрдісін ақпараттандыруға жауапты.
18. Мектеп директорының бейінді оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары:
- ғылыми әдістемелік кеңес төрайымының орынбасары;
-аттестациялық комиссия төрайымының орынбасары;
-әдістемелік кабинет меңгерушісі.
19. Зерттеу, жобалау,жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту мен оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастырады (интелектуалдық, коммуникативті, танымдық, ақпараттық, азаматтық – құқықтық және т.б)
20. Педагогикалық кадрлардың бейінді оқытуға байланысты кәсіби шеберліктерін дамытып- көтеріп отыруларын ұйымдастыру.
21. Педагогикалық ұжымының бейінді оқытуға байланысты ақпараттық технологияларды енгізуді және оларды жоспарлауларын ұйымдастырады.
22. Мектептегі оқушылардың бейінді оқытылуының жағдайларына мониторингтер мен диагностикалау (болжаулар) жүргізеді.
23. Оқушылардың кәсіби бағдар алуының эффективті және оптимальді жолдарын қарастырады, ұйымдастырады.
24. Мамандық таңдау мақсатындағы оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуларын ұйымдастырады.
25. Мұғалімдер мен оқушыларға осы жұмыстарды ұйымдастыруда көмек көрсетеді.
26. Білім беру процесін ізгілендіру мақсатында өз ұсыныстарын ұйымдастырады.(ЖОО, колледждер, кітапханалар, өңірлік орталық және т.б)
27. Басқа да білім мекемелері арасында мектеп мерейін көтеретін, оны жарнамалайтын іс-шаралар ұйымдастырады.
28. Жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты мектеп жұмыстарын үйлестіреді.
- Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы бойынша құжаттарды ресімдейді, сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
30. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын тағайындау және бекіту үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуын жүргізеді.
31. Ұлттық білім беру деректер қорындағы (ҰБДҚ) кадрлар бөлімі бойынша қызметкерлер туралы мәліметті жүргізуді қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Конкурс «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы негізінде, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №388 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы кандидат келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ директорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш береді (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- мемлекеттік тілдегі түйіндеме;
- өмірбаяны жазбаша түрде;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- білімі туралы құжаттардың (диплом және қосымша) көшірме қағазын;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парағын (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген марапаттар мен тәртіптік жазалар туралы өндірістік мінездемесін;
- медициналық, психиатриялық қарсы айғақтары жоқ немесе наркологиялық есепте тұрмағандығын растайтын қағазын;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық анықтама қағазын;
- сотталмағандығы туралы анықтамасын;
- біліктілік санатын растайтын құжаты.
Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттардың көшірмелері нотариуспен немесе жұмыс орнынан кадрлық қызметпен куәландырылады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Конкурсқа қатысу құжаттары үміткерден қабылданбайды.
Қосымша, үміткердің кәсіби қызметін растайтын құжаттарды (сілтемелер, анықтамалар, ұсынымдар, портфолио) ұсынуға рұқсат етіледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ шақырылады.
Конкурс мына мекенжайы бойынша өтеді: 071410, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі 38 А үйі, телефон 8-7222-32-84-54. № 112 кабинет,
e-mail: vko_semey_gim5@mail.ru
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.
Хабарландыру Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ
semei-shakarim.mektebi.kz сайтында орналастырылды. 13.08.2021 ж.
Құжаттарды қабылдау уақыты мен күні: 13.08.2021 ж., 09.00с.-18.30с.
Құжаттарды аяқтау уақыты мен күні: 28.08.2021 ж., 09.00с.-18.30с.